«Біртұтас елміз». Нұрлан имам жамағатқа бөлінуге қарсы шықты

541
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BwhadgWnOHFAIcV1Vn8SBV2TIfBopQ10olCMWprK.jpg

Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы соңғы уақытта жастар арасында діни топтарға бөліну үрдісінің күшейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Соңғы уақытта жастар дінге беріліп, әсіре діншілдікке өттім деп, жамағат «жамағат» болып, ұстаз «ұстаз» болуда. Әрбір ұстаз өзінің тыңдармандарын Құдайға, ҚМДБ-ға, белгілі бір шаңыраққа жинаудың орнына бас-басына жинап, «Ананы тыңдама, мынаны тыңдама» деп іріткі салып жүрген жағдаяттары бар»,–деді ол.

Нұрлан имам мұндай әрекеттердің радикалды көзқарастардың қалыптасуына ықпал етуі мүмкін екенін айтып, өзін өзгелерден жоғары қоятын түсініктерден сақ болуға шақырды.

«Намазханбыз, оразашылармыз, қажылармыз» деп WhatsApp-тан топ ашуды қою керек.  Таңнан атысынан күннің батысына дейін сөз жібере берген жақсы дүние емес. Жақсы сөз айтуда тұрған әбестік жоқ, бірақ «жамағат» деп бөлініп, «Сен күнәһарсың, мен жәннаттықпын» деу арқылы жәннат пен тозақтың локациясын қолына алып алғандар кілтін Аллаға өткізуі тиіс. Біз, қазақ, бөлінуді ұнатпаған елміз. Біз – бірліктің туын ұстаған елміз. Намыз оқыса да, оқымаса да, мешітке барса да, бармаса да, біздің қауым – біртұтас ел»,–деді дінтанушы.

Yorumlar
Diğer Haberler