Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

68
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6ZJFPkBj1glSEuGqFUVfWAmSKf6vaffkiLmBJZzR.webp

30 тамызда Алматы мен Ақтөбе қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады "Адырна".

Мамандардың болжамынша, аталған екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Мұндай кезде желдің әлсіз болуы, тұман және ауа температурасының инверсиясы секілді факторлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер етеді.

Осыған байланысты тұрғындарға далада ұзақ уақыт жүрмеу, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен ауаның ластану қаупі жоғары аумақтарда болуды шектеу ұсынылады. Созылмалы өкпе және жүрек-қан тамырлары аурулары бар, сондай-ақ аллергиядан зардап шегетін азаматтарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге кеңес берілді.

Сонымен қатар «Қазгидромет» 30 тамызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана мен Шымкентте, сондай-ақ еліміздің 17 облысында қолайсыз және қауіпті ауа райы құбылыстары болуы мүмкін екенін ескертті.


Yorumlar
Diğer Haberler