Ұлытауда дәстүрлі тамыз педагогтер кеңесі өтті

150
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9k8fs3pHIcrvM27N5nOhFWYlknk5y4r4CxC9dneU.jpg

Ұлытау облысында «Құндылыққа негізделген білім: сапа, сабақтастық және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дәстүрлі облыстық тамыз педагогтер кеңесі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов қатысты.
Кеңес барысында Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен білім беру саласына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтіп, өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздылығына тоқталды.

«Өңіріміз үшін маңызды оқиғалардың бірі – «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен «Ұлытау» техникалық университетінің ашылуы.

Сонымен қатар оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында биыл Жезқазған қаласында 1 000 орындық BINOM мектебінің, сондай-ақ ұлдар мен қыздарға арналған әрқайсысы 400 орынға есептелген, интернаттары мен жатақханалары бар «Білім-инновация» лицейлерінің құрылысы басталады.
Білім беру инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Сәтбаев қаласында, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында ескі мектептер кезең-кезеңімен жаңғыртудан өтеді», – деді өңір басшысы.

Тамыз кеңесі аясында педагогтер білім беру саласындағы жаңа бастамалар мен оң өзгерістер, пилоттық жобалар, сондай-ақ білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану мүмкіндіктері туралы баяндамалар жасады.
Жиында педагогтердің еңбегіне ерекше назар аударылды. Өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбие ісіне елеулі үлес қосқан ұстаздар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, педагогтерге «Еңбек ардагері» және «Ыбырай Алтынсарин» медальдары, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ «Қосымша білім берудің үздігі» Құрмет дипломы табысталды.

Yorumlar
Diğer Haberler