«Нұржігіттің жанында болуым қажет». Бақытжан Базарбек ауылға көшіп барды

280
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/swcbPc5QJYU8eXA567EeYUKxQQyG2VQeyznkyVjO.jpg

Экс-депутат Бақытжан Базарбек Жамбыл облысының Құлан ауылына көшіп барды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, ол жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт есімді азаматтың жанында болу үшін қоныс аударған.

«Ауыр халде жатқан Нұржігіттің жанында болуым қажет болғандықтан, Құлан ауылына көшіп келдім. Алдағы уақытта Нұржігіт көзін ашқанша осы ауылда боламын»,– деді Базарбек.

Экс-депутат Құлан ауылындағы орталық мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысқанын да айтты. Ол Алматы қаласының Бостандық ауданында тіркелгендіктен, дауыс беру үшін уақытша тіркеуге тұрып, тиісті рұқсат құжатын алған.

Еске салайық, бұған дейін Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірген еді.

Yorumlar
Diğer Haberler