Президент бюджет жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

229
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OEKLg0tf3UYef5tQrONgx9NfD8LGLg4BmpdhrFqe.jpg

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров және Қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты.

Президентке экономиканың қазіргі жағдайы, 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, сондай-ақ 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері туралы баяндамалар ұсынылды.

Талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу және республикалық әрі жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Тоқаев 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі ретінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың құрылысын жеделдетуді белгіледі. Олардың қатарында ауруханалар, балаларды оңалту орталықтары, мәдениет және спорт нысандары бар.

Yorumlar
Diğer Haberler