Соғыс жүріп жатқан елдерге «Евровидениені» өткізуге тыйым салынды

291
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uAb9Ak4hL6v5FpVPFJTrmW5b4jJ2QYqlxqQmKgu4.jpg

Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) әскери қақтығыстарға қатысып жатқан елдерге «Евровидение» ән байқауын өткізуге ресми түрде тыйым салды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

Айтуларынша, халықаралық ән байқауын өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілген.

Жаңа ережеге сәйкес, өкілі «Евровидениеде» жеңіске жеткен елдің аумағында немесе оған тікелей іргелес өңірде қарулы қақтығыс не күрделі геосаяси жағдай қауіпсіздікке елеулі әсер етсе, бұл ел келесі жылы байқауды өз аумағында өткізу құқығынан автоматты түрде айырылады.

«Қажет болған жағдайда EBU жеңімпаз елдегі қауіпсіздік деңгейіне тәуелсіз бағалау жүргізуге бастамашылық ете алады. Бағалау нәтижелері бойынша EBU Референттік топпен бірлесіп, жеңімпаз елдің хабар таратушы ұйымы байқауды қауіпсіз өткізе алатынын анықтайды. Егер бұл ұйымның байқауды қабылдауға мүмкіндігі жоқ деп танылса, EBU ұйымдастырушы ретінде балама хабар таратушыны белгілейді», – делінген ереженің жаңа редакциясында.

Еске салайық, мамыр айында Испания, Исландия, Ирландия, Словения және Нидерланд Израильге байқауға қайта қатысуға рұқсат берілгеннен кейін Еуропаның басты ән байқауына бойкот жариялау туралы шешім қабылдаған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler