Түркияда жағалаудан суасты дроны табылды

100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GpniMkdiLiIzb8isVWXpYBWuyJ6TUgpkcfQ35c8v.jpg

Түркияның Артвин провинциясындағы Хопа ауданында суасты ұшқышсыз аппараты анықталды. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметтері дайындық режиміне келтірілді. Бұл туралы Gazete Vatan жазды,деп хабарлайды "Адырна".

Басылымның мәліметінше, құрылғы Хопа порты мен Эсенкыйы жағалауы маңынан байқалған. Оқиға орнына жағалау күзеті бөлімшелері жіберілді.

Аппарат жағалауға жақын орналасқандықтан, аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Атап айтқанда, Кемалпаша мен Хопа арасындағы автожол екі бағытта да жабылды.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметтерінің жұмысы жалғасып жатыр.

Аппараттың нақты сипаттамалары мен қайдан шыққаны жүргізіліп жатқан тергеу аяқталғаннан кейін анықталады.

Yorumlar
Diğer Haberler