Шалшықта шомылып, балаларға су шашқан екі ер адам қамауға алынды

239
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4QZVVXAH1VEhy91QJp7BC8kbAfzXvEgyeGbIoWZK.webp

Астанада екі ер адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Олар жаңбырдан кейін пайда болған шалшықта шомылып, маңайдағы балаларға су шашқан. Оқиға әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба арқылы белгілі болды.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушылық фактісін полицейлер әлеуметтік желілерді бақылау барысында анықтаған. Бейнежазбада ер адамдардың алкогольдік ішімдік ішіп, шалшыққа түсіп шомылғаны және суды айналасында тұрған балаларға қарай шашқаны көрінеді.

Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысқан азаматтардың жеке басын анықтады. Екеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен ер адамдардың біріне 25 тәулік, екіншісіне 7 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Yorumlar
Diğer Haberler