Дарын Мүбаровтың даулы сұхбатына құқықтық сараптама жасалып жатыр

294
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bmXkDQHHkbvNRSUSBiAvHg9PxLUKMR6tFNlESSRf.jpg

Бұған дейін миллион теңгеге жуық айыппұл арқалаған діни миссионерлікпен айналысуға тыйым салынған Дарын Мүбаровтың сұхбатына құқықтық сараптама жасалып жатыр. Бұл туралы Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың мәліметінше, аталған контент бұған дейін жасалған ескертулерге қарамастан әлеуметтік желілерде жарияланған.

«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мамандары интернет-кеңістікте заңсыз миссионерлік қызметпен айналысатын және діни материалдар жариялайтын желі қолданушыларының арасында Айнұр Асенберді атты журналисттің әлеуметтік желідегі парақшаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында Айнұр Асенбердінің 31.07.2026 жылы youtube парақшасында жарияланған «Сізге уағыз айтуға тиым салынды. Енді не істейсіз? Дарын Мубаров|» атты подкастқа ҚР аумағында тіркеусіз діни миссионерлікпен айналысқан Дарын Мубаровпен түсірген подкасты анықталған»,—делінген хабарламада. 

Аталған материал бойынша құқықтық баға беріліп, діни заңнаманы бұзу анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданбақ.

Бұған дейін Дарын Мүбаровқа 865 мың теңге айыппұл салынғанын жазған едік.

 

Yorumlar
Diğer Haberler