2027 жылы Астанада УЕФА президентінің сайлауы өтеді

177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ak8EocFypLK95G8EpVKHHTwUMxrkKDtXllRqMspP.webp

2027 жылдың 22 сәуірінде Астанада Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) 51-конгресі өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Конгресс барысында Еуропа футболының алдағы жылдардағы даму бағытын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданады»,–делінген хабарламада.

Конгреске УЕФА құрамына кіретін 55 ұлттық футбол қауымдастығының өкілдері, ұйым президенті, Атқарушы комитет мүшелері, ФИФА, еуропалық лигалар, клубтық бірлестіктер және халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері қатысады.

Алдағы конгрестің басты ерекшеліктерінің бірі – сайлау рәсімінің өтуі. Дәл осы Астанада УЕФА президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланады.

«Қазақстанның осындай ауқымды іс-шараны өткізу құқығына ие болуы – УЕФА-ның елімізге білдірген жоғары сенімінің және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы тәжірибесі мен әлеуетінің мойындалғанының айқын дәлелі. Конгресті ұйымдастыруға байланысты барлық шығынды УЕФА өз қаражаты есебінен қаржыландырады»,–деп түсіндірді министрлік.

Еске салсақ, 4 тамызда Францияның «Пари Сен-Жермен» футбол клубы Қазақстанда өзінің ресми академиясын ашатынын жариялаған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler