Қонаевта әскери қызметші төртінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды

94
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DAzyJ9dpJu1BjdHwx2K9irhcfAG2tqNg7aD8DbRI.webp

Фото:«Криминальный Казахстан»

Қонаевтағы әскери бөлімде төртінші қабаттан құлаған мерзімді әскери қызметші жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы «Криминальный Казахстан» жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, 2006 жылы туған мерзімді әскери қызметші Қонаев қаласындағы әскери бөлім ғимаратының төртінші қабатынан құлап, ауыр жарақат алды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Туыстарының айтуынша, сарбаз отбасымен үнемі байланыста болған және әскери қызметтің жағдайына немесе денсаулығына қатысты ешқашан шағымданбаған. Оқиғаға дейін көп ұзамай ата-анасы оған барып қайтқан. Жақындарының сөзінше, сол кезде оның жағдайы жақсы болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің бірнеше қабырғасы сынып, өкпесі мен бүйрегіне және қуығына зақым келген.

Марқұмның туыстары оның өздігінен терезеден құлағаны туралы болжамға сенбейді. Олар бейнебақылау камераларындағы жазбаларды жариялап, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті тергеуді талап етті.

Yorumlar
Diğer Haberler