Тележүргізуші Ерқанат Көпжасар басшылық қызметке тағайындалды

109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cEoxdEKUYGUgMJS6ln0xKo9StJjLWxYTo2HJKKbf.jpg

Белгілі тележурналист Ерқанат Көпжасар «Қазақстан» арнасының Алматы филиалына директор болды. Бүгін Qazaqstan республикалық телерадиокорпорациясы төрағасының орынбасары Айзада Жаманқұлова «Қазақстан» РТРК» Алматы қаласындағы филиалы ұжымына жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды "Адырна".

Ерқанат Көпжасар «Таңшолпан», «Кеш жарық, Қазақстан», «Ашық алаң» хабарларының жүргізушісі болған. 

Ол 1987 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы Қазақ радиосының «Әлеумет» редакциясында редактор болып бастаған. Кейін Қазақ радиосының Алматы студиясында редактор қызметін атқарды. 2017-2022 жылдар аралығында «31 канал» телерадиокомпаниясының «Информбюро» ақпараттық бағдарламалар бөлімінде жетекші тілші болды. 2022 жылдан бері «Қазақстан» телерадиокорпорациясында, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының бағдарламалар өндірісі жөніндегі дирекциясында продюсер-жүргізуші және «Ашық алаң» бағдарламасының жүргізушісі қызметін атқарып келді. 

Yorumlar
Diğer Haberler