Жазғы демалыс кезінде. Өндірісте жарақат алған жасөспірім қолынан айырылды

172
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Da4Bfu3IGt0KK6LCi7lpkJujuU3cilGZAS5tUGQ4.jpg

Өскемен қаласында жазғы демалыс кезінде жұмысқа орналасқан 17 жастағы жасөспірім өндірістік жарақат салдарынан қолынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Информбюроға сілтеп.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің алдын ала мәліметінше, жасөспірім құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорында жұмыс істеген. Алайда онымен еңбек шарты жасалмаған және еңбек қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқама жүргізілмеген.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ведомствоның хабарлауынша, тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Yorumlar
Diğer Haberler