Геннадий Головкин Ресейді әлемдік боксқа қайта қосты

75
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Kz21xL80WN2zI89eV3T0z55GRszXCz47MY6YCJh5.jpg

World Boxing ұйымы Ресейдің барлық жас санатындағы боксшыларына халықаралық жарыстарға ұлттық туы мен әнұранымен қатысуға рұқсат берді. Бұл туралы Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтярёв айтты,  деп хабарлайды "Адырна".

"Ресей боксы әлемдік аренаға қайта оралып жатыр. World Boxing ұйымы біздің спортшыларымызды барлық жас санатында ұлттық ту мен мемлекеттік әнұранмен барлық халықаралық жарыстарға қатыстыру туралы шешім қабылдады. Ресей бокс федерациясы  2026 жылдың басында World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі атанды.

Қалыпты спорттық байланыстарды қалпына келтіру мәселесін біз World Boxing президенті, Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен 2026 жылдың қаңтарында Ташкентте өткен кездесуде талқыладық", - деді ол. 

Дегтярёвтің айтуынша, Халықаралық федерацияның бұл шешімі ерекше маңызды.

"Өйткені, дәл осы World Boxing ұйымына Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада ойындарындағы бокс турнирін өткізу құқығын берген. Ресей бокс федерациясының ұйымға толыққанды мүше болуы ресейлік боксшыларға халықаралық жарыстар күнтізбесіне, соның ішінде Олимпиада цикліндегі турнирлерге толыққанды қатысуға жол ашады.

Біз ресейлік спортты әлемдік спорт қауымдастығына кезең-кезеңімен қайта қайтару жұмысын жалғастырып жатырмыз", — деп жазды Дегтярёв өзінің Telegram-арнасында.

Ресей бокс федерациясы World Boxing ұйымының құрамына 2026 жылдың басында қабылданған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler