Жезқазғанда бес қабатты үйде өрт шықты

224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DPBYh0K9jmCiqW4ewj7SMFIiFnQa9ahTgGGo2h1h.jpg

Жезқазған қаласының Алашахан көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер балконынан өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна".

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тілсіз жауды жылдам ауыздықтады.

112 қызметіне хабар түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрттің жалпы шарпыған аумағы 4 шаршы метрді құрады. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында жалынның көршілес пәтерлерге таралуына жол берілмей, өрт қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler