Украина президенті Путинмен кездесуге дайын екені хабарланды

87
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PfxlLCTUuU8ZFHmCMorz8WgCAyGBsumAhevuHTVn.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РБК-ға сілтеп.

Кездесу Түркияның Анкара қаласында өтуі мүмкін. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига мәлімдеді.

Оның айтуынша, Анкара халықаралық дипломатиядағы маңызды алаңдардың бірі саналады және бұған дейін Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздерде бірнеше рет делдалдық рөл атқарған.

«Біз Зеленский мен Путиннің кездесуін өткізуге қолайлы негізгі алаңдардың бірі ретінде Түркияны қолдаймыз. Түрік тарапының осындай жоғары деңгейдегі кездесуді ұйымдастыруға дайын екеніне ризамыз», – деді Сибига.

Министрдің пікірінше, екі ел басшыларының тікелей кездесуі бейбіт келіссөздерге серпін беруі мүмкін.

Министр Сибига Украинада соғысты аяқтауға бағытталған нақты ұсыныстар бар екенін айтып, елдің бейбітшілікке ұмтылатынын жеткізді. Сондай-ақ Киев атысты тоқтатуға дайын екенін хабарлады. Оның сөзінше, ықтимал кездесу нәтижесінде бітімге келу маңызды қадам болуы мүмкін.

Yorumlar
Diğer Haberler