Ұлытауда құны 443 млн теңге болатын 31 жер учаскесі қайтарылды

132
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/u0usxUA3Cwj5JSEcVjEE1pBT8LigsXA0tnjpQcTl.jpg

Ұлытау облысында прокурорлар мемлекетке құны 443 млн теңге болатын 31 жер учаскесін қайтарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бас прокуратураның мәліметінше, жүргізілген қадағалау жұмыстары кезінде жер учаскелерін беру және пайдалану барысында заң талаптарының бұзылу фактілері анықталған.

 Атап айтқанда, Жаңаарқа ауданында құны 334 млн теңге болатын, ауданы 169 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін заңсыз беру фактісі белгілі болған.

Жезқазған қаласында уақытша жер пайдалану құқығының мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекет меншігіне қайтарылмаған, жалпы ауданы 2,9 га болатын құны 96 млн теңге 29 жер учаскесі анықталған.

Бұдан бөлек, құны 11 млн теңге болатын коммерциялық мақсаттағы жер учаскесін заңсыз беру дерегі тіркелген.

«Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде жалпы құны 443 млн теңге болатын 31 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жер қатынастары саласындағы мемлекет мүддесін қорғау жұмыстары жалғасуда»,– делінген хабарламада.

 

Yorumlar
Diğer Haberler