БҰҰ Бас хатшысы Иран мен АҚШ-ты шұғыл келіссөздерге шақырды

122
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZzXGt1eDcElTV6aZoR9LawOMZNVP8hQFjUu0JNcV.webp

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Парсы шығанағындағы қақтығыстың ушығуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Парсы шығанағындағы жағдайдың күрт шиеленісуіне және әскери қақтығыстардың қайта жандануына қатты алаңдаймын. Оның ішінде Иранның Ормұз бұғазындағы кемелерге жасаған шабуылдары, АҚШ-тың Иранға берген соққылары және Иранның көрші елдердегі нысандарға жасаған шабуылдары бар», – деді ол 12 шілдеде X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның пікірінше, барлық шабуыл дереу тоқтатылуы тиіс. Толыққанды әскери қимылдардың қайта басталуы өңір халықтары, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік, сондай-ақ әлемдік экономика үшін «апатты салдарға» әкелуі мүмкін.

«Иран мен АҚШ-ты келіссөздерді шұғыл түрде қайта бастап, қалған келіспеушіліктерді дипломатиялық жолмен реттеуге шақырамын», – деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Тегеран мен Вашингтон жағдайға мүлде қарама-қайшы баға беріп отыр. Иран бұғаз арқылы өту тек тиісті рұқсат алғаннан кейін ғана мүмкін екенін мәлімдесе, АҚШ халықаралық кеме қатынасы қалыпты режимде жалғасып жатқанын алға тартуда.

Yorumlar
Diğer Haberler