"Достас моңғол халқына бақ-береке тілейміз" . Президент Тоқаев құттықтау жолдады

82
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/giSHdnwmEe81O4LIkrTff8Jsz7KxSuTyXNf1mYcJ.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

"Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады. Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі", - делінген жеделхатта.

Бұған дейін Моңғолияда Моңғол мемлекетінің құрылғанына Моңғолияда алғашқы Моңғол мемлекетінің құрылғанына – 2235 жыл, Ұлы Моңғол империясының құрылғанына – 820 жыл, ұлттық егемендік пен тәуелсіздіктің қалпына келтірілгеніне – 115 жыл, Халық революциясының жеңісіне – 105 жыл және Демократиялық революцияның жеңісіне 36 жыл толуына арналған Ұлттық Наадам мерекесі аталып өтуде.

Наадам — Моңғолияның ең басты ұлттық мерекесі және спорттық фестивалі. Жыл сайын шілде айында атап өтілетін мерекенің мағынасы ойын-сауық, той-думан дегенді білдіреді. Бұл мерекенің негізгі өзегі — «ерлердің үш ойыны» (моңғолша: эрийн гурван наадам) деп аталатын дәстүрлі спорт түрлері: ұлттық күрес,  бәйге, садақ ату. Наадам — тек спорттық жарыс қана емес, моңғол халқының көшпелі мәдениетін, тарихын, ән-күйі мен салт-дәстүрін паш ететін үлкен мәдени фестиваль. Бұл мереке ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.

Yorumlar
Diğer Haberler