Алматыда «Қазақ-моңғол тарихшылар қоғамы» құрылмақ

145
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/C55TTwFBggZFFSTk1HSdflaUXw2SKEQEMRne01lF.jpg

8 шілдеде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, академик Зиябек Қабылдинов «Шыңғыс хан»  ұлттық музейінің директоры, академик Чулуун Сампилдондовтың қабылдауында болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Asiarussia.ru басылымына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар меморандумда көзделген бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, XVI–XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы арасындағы тарихи қарым-қатынастарға қатысты мұрағат құжаттарын бірлесіп зерттеу, ортақ жобалар мен бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ ғылыми конференциялар ұйымдастыру жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша екі ел тарихшылары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында биыл қыркүйек айында Алматы қаласында «Қазақстан-Моңғолия тарихшылар қоғамын» құру және бірлескен ғылыми конференция өткізу туралы шешім қабылданды.

Ескк салайық, биыл сәуір айында Моңғолия басшысы Ухнаагийн Хурэлсухт Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында «Шыңғыс хан»  ұлттық музейі мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler