Омбы отырысы. Өңіраралық форумның қашан өтетіні хабарланды

148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GYUCpGGGKCG5w4mhAr8Va0XsQn8RrCvTIHvh5sFc.jpg

Омбы облысының үкіметі Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумының өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

Іс-шара 24–25 шілдеде өтпек. Форумның негізгі алаңы ретінде Омбы конгресс-холы белгіленген.

«Форумның іскерлік бағдарламасында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша панельдік пікірталастар, жастар форумы, Ресей–Қазақстан және Қазақстан–Ресей Іскерлік кеңестерінің бірлескен отырысы, сондай-ақ іскерлік байланыстар биржасы жоспарланған. Дәстүр бойынша форум аясында екі елдің әлеуетін таныстыратын мәдени және көрме іс-шаралары ұйымдастырылады. Ресейдің Экономикалық даму министрлігі форумды өткізуге белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Ресей мен Қазақстан өңірлері арасында ынтымақтастық туралы құжаттарға, сондай-ақ коммерциялық келісімдерге қол қою күтілуде», – делінген «Омбы губерниясы» үкіметтік порталының хабарламасында.

Өңіраралық ынтымақтастықтың алдыңғы форумы 2025 жылдың қараша айында Орал қаласында өткен болатын. Дәстүр бойынша 2026 жылы бұл іс-шараны Ресейдің шекаралас қалаларының бірі қабылдауы тиіс еді.

2026 жылдың мамыр айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумның 20 тамызда өтетінін айтқан еді. Алайда өткен аптада «Коммерческие вести» басылымы форумның 24–25 шілдеде өтетінін мәлімдеген. Сонымен қатар екі ел президентінің іс-шараға жеке қатысуы жоспарланбағаны айтылды.

Мәліметке сәйкес, Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеге белгіленген пленарлық отырысқа бейнеконференция байланысы арқылы қатыспақ.

Yorumlar
Diğer Haberler