ЖСДП съезінде «Ақ жол» партиясы қатаң сынға ұшырады

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UmD4GOVHQDJ1UgaOMMyYiO7TUFZ3douQJz8YZ9qo.webp

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада өткен партияның кезектен тыс XXV съезінде саяси бәсекелестеріне сын айтты.

Оның айтуынша, цифрландыру тек жаңа технологияларды енгізумен ғана шектелмеуі керек. Бұл үдеріс мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, биліктің қоғам алдындағы есептілігін күшейтуге қызмет етуі тиіс.

"Біз үшін цифрландыру – технологиялар туралы әдемі сөз емес. Бұл – биліктің ашықтығы, мемлекеттік шығыстардың айқындығы, мемлекеттік сатып алудың адал жүргізілуі және әрбір азаматтың шешімдердің қалай қабылданатынын, бюджет қаражатының қайда жұмсалып жатқанын көре алу мүмкіндігі",– деді Мақсұт Насибулов.

Сонымен қатар ол кейбір саяси күштердің цифрлық ашықтық мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмейтінін айтты.

"Менің субъективті пікірімше, олардың жасыратын дүниесі бар. Себебі алдағы сайлауда барлық партиялардың тізімін ірі бизнес өкілдері бастап тұр",- деді ол.

ЖСДП-ның кезектен тыс XXV съезі 8 шілдеде Астанада өтіп жатыр. Делегаттар партияның сайлауалды бағдарламасын талқылап, 23 тамызға белгіленген Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін бекітуде.

Yorumlar
Diğer Haberler