Назарбаевтар бас қосқан күн. Туған күнде түскен суреттер жарияланды

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DlWVtJ51Xj9V8MOczgR3TQdjzbsJzLXdeDtgJ552.webp

Әлеуметтік желіде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Аида Әлиеваның туған күніне арналған мерекелік кештен суреттер жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Желі қолданушыларының назарын қонақтардың құрамы аударды. Жарияланған суреттерден Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваны көруге болады. Қаңтар оқиғаларынан кейін ол көпшілік алдына сирек шыққан.

Ал фотоларда Аида Әлиеваның жұбайы Нұрали Әлиев пен оның анасы Дариға Назарбаева көрінбеген. 

Сонымен қатар Нұрали Әлиевтің жұбайын әлеуметтік желідегі парақшаларында туған күнімен көпшілік алдында құттықтамағаны да назардан тыс қалмады.

Өз кезегінде Аида Әлиева туған күніне орай жариялаған жазбасында:

«Әрбір, тіпті ең ауыр оқиғаның өзінде бір мән бар екенін барған сайын көбірек түсініп келемін. Оны бірден аңғара бермейміз. Жаратқан, мен келісемін. Қазір жаныма батса да, не үшін екенін әлі түсінбесем де…», – деп жазған.

Алайда ол бұл сөздерінің нақты қандай жағдайға қатысты екенін түсіндірмеді.

Еске салайық, Аида Әлиева – Қазақстанның бұрынғы әділет министрі және Орталық сайлау комиссиясының экс-төрағасы Берік Имашевтың қызы.

Yorumlar
Diğer Haberler