Магистратура түлектеріне диплом табысталды

182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KUxtchBPHq4MmbRt00h31T0cWwhG60WqYuiSJadW.jpg

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің магистратура бағдарламасын тәмамдаған түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті.

Жаңа Конституцияның қолданысқа енуі аясында өткен магистранттармен кездесуде Мұрат Нәлқожаұлы білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды.

Диплом иегерлері білімі мен кәсіби біліктілігін ел игілігіне бағыттап, қоғам дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.
Өңірдегі жоғары білім мен ғылымның қарашаңырағы саналатын оқу орнын биыл 2600-ден астам түлек бітірді.
«Еліміздің ертеңі мен тірегі – Сіздер секілді жалынды жастарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әділетті Қазақстанды құрудың басты қозғаушы күші де, оның жаңа белестерін бағындыратын жасампаз қуаты да – өздеріңіз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – жоғары конституциялық қағидаттарды іске асыра алатын білімді, дені сау, зияткер әрі озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу» деген болатын.

Сіздер жастық жігерді Тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі биіктете түсуге жұмсайтындарыңызға сенемін.
Бүгінде облысымызда жаңа өндіріс орындары ашылуда, цифрландыру үдерісі жедел енгізіліп, әлеуметтік сала жаңғыртылып жатыр. Жаһандану дәуірінде креативті, жаңашыл әрі тың көзқарасы бар мамандар аса қажет.
Баласының бағын тілеген ата-ананың қуанышында шек жоқ екенін көріп тұрмын. Сіздерге көп рақмет! Ал шәкіртін шыңға шығарған профессор-оқытушыларға аймақ халқының атынан ерекше алғысымды білдіремін. Сіздер облысымыздың басты байлығы – адами капиталды қалыптастырып келесіздер.Бойларыңыздағы білім мен өнегені Отанымыз – Қазақстанның, туған жеріміз – Сыр өңірінің игілігіне жұмсай беріңіздер», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Тоқсан жылға жуық тарихы бар университет озық идеялардың жаршысы ретінде ғылымға инновациялық жаңашылдықтарды енгізіп, бәсекеге қабілетті маман даярлау бағытындағы жұмысын табысты жалғастырып келеді.«Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2026» қорытындысыменеліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындары арасында 7-орынға ие болды.Оқу орнының 31 білім беру бағдарламасы республикадағы үздік үштік қатарынан көрінді.

Айта кетейік, биыл университеттің бакалавриат бағдарламасын 630, ал магистратура бағдарламасын 79 түлек тәмамдады.

Yorumlar
Diğer Haberler