Әл-Фарабидегі жол апаты. Прокурор Александр Пакты 10 жылға соттауды сұрады

201
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/e52U7b1Kf3NSc99O4UnOK50MkvczAiFIPNysQmd5.jpg

Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкелген жол апатына қатысты іс бойынша сот жарыссөзі басталды. Мемлекеттік айыптаушы Александр Пакты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды "Адырна". 

Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында болған жол апаты салдарынан үш адам қаза тапқан. Олар – Еламан Қайыржанұлы (1996 ж.т.), Құмар Теңелбаева (2003 ж.т.) және Томирис Қыдырбек (2005 ж.т.).

Сот отырысында Александр Пак өз кінәсін мойындап, марқұмдардың жақындарынан кешірім сұрады. Сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін де зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Жәбірленуші тарап сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрап, оған кешірім бергенін мәлімдеді.

Сот тергеуі барысында қылмыстық іске марқұм Томирис Қыдырбектің әкесі Рүстембек Шатенов жәбірленуші ретінде тартылды.

Yorumlar
Diğer Haberler