Астананың қақ ортасындағы қоқыс үйіндісі өртенді

128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Астана қаласының Сарыарқа ауданында ірі өрт оқиғасы тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Кенжин көшесінің бойында жиналып қалған қоқыс пен резеңке-техникалық бұйымдар тұтанған, деп хабарлайды "Адырна".

Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына жеткен кезде аумақтың ашық жалынмен өртеніп жатқаны және көкке қою қара түтіннің көтерілгені белгілі болды. Қара түтіннің қалың болуына қоймадағы резеңке бұйымдардың жануы себеп болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жете сала жалынды ауыздықтауға кірісті. Тілсіз жаумен күресті тиімді жүргізу үшін судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта мамандар өртті толықтай жою үшін барлық қажетті шараны іске асыруда. Төтенше жағдайдың неден шыққаны және оқиғаның мән-жайы алдағы уақытта анықталмақ.

Yorumlar
Diğer Haberler