Дүкендегі тіл дауы. Орыс тілінде жауап талап еткен әйел айыппұл арқалады

100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zvWU5uHRKuefle8aLX36deCiJEfGrVEgK6wtxeBE.webp

Желіде Small сауда желісіндегі дүкендердің бірінде болған тілге қатысты оқиға кеңінен талқылануда. Бейнежазбада қызметкерден орыс тілінде жауап беруді талап еткен Галина Лисс жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Адырна".

Кадрларда кассир уақытша жұмыс істемей тұрған касса туралы ақпаратты қазақ тілінде түсіндіріп, жақын арада басқа қызметкер келетінін айтқан. Алайда сатып алушы оның жауабына қанағаттанбай, орыс тілінде қызмет көрсетуді талап еткен.

Оқиға жарияланғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары дүкен қызметкеріне қолдау білдіріп, мәселені құқықтық тұрғыдан қарастыруды сұрады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алматыда болған. Тексеру барысында жанжал шығарған әйел 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұлға тартылды. Бұл шамамен 86 500 теңгені құрайды.

Полиция қоғамдық орындарда тәртіп талаптарын сақтауға шақырып, агрессия, әдепсіз мінез-құлық және қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін әрекеттер заң аясында жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Yorumlar
Diğer Haberler