ChatGPT Қазақстан бюджетіне млрд теңге көлемінде қосымша салық төледі

189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nmFpFupMLVtnEHipqMLm0BoZpCvT8VSHNPx9tL8l.webp

Қазақстанның салық органдары шетелдік интернет-компаниялардың салық міндеттемелерін тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Tengrinews мәліметінше, ChatGPT әзірлеушісі OpenAI 2025 жыл бойынша бюджетке 1,8 миллиард теңге көлемінде төленбей қалған салықты өтеді.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық активтерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Талғат Әділов мәлімдеген. Оның айтуынша, 2025 жылы салық органдары 77 шетелдік интернет-компанияға қатысты тексеру жүргізген. Кейбір платформалар Қазақстанда шартты тіркеуден өтпеген болса, енді бірінде қазақстандық пайдаланушылар жасаған төлемдер мен төленген қосылған құн салығы арасында айырмашылық анықталған.

Хабарлама алғаннан кейін шамамен сегіз компания өздерінің салықтық міндеттемелерін орындаған. Солардың ішіндегі ең ірі төлемдердің бірі ChatGPT әзірлеушісі OpenAI тарапынан жасалып, компания 2025 жыл үшін 1,8 миллиард теңге көлеміндегі салықты қосымша төлеген.

Сонымея қатар AliExpress маркетплейсі де камералдық бақылау нәтижесінде Қазақстан бюджетіне 600 миллион теңгеден астам сома аударған.

Yorumlar
Diğer Haberler