Билл Гейтс Эпштейн ісі бойынша куәлік берді

193
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ui6zh0z9H1jD1aGhQ6dYdRi4vfORWiEjMJ8sGAIJ.webp

Microsoft компаниясының негізін қалаушы, америкалық филантроп әрі миллиардер Билл Гейтс АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының Бақылау комитетінде Джеффри Эпштейн ісі бойынша куәлік берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Эпштейннің қылмыстық әрекеттермен айналысқанын көрген емеспін, оған куә болмағанмын. Мен оның аралына немесе Флоридадағы үйіне ешқашан барған емеспін. Менің әрекеттерімнен ешкім зардап шеккен жоқ. Ол жеке қарым-қатынас орнатуға тырысқан болуы мүмкін, бірақ бұл мені ешқашан қызықтырған жоқ және мен оған жауап берген емеспін. Сондай-ақ мен Эпштейннің менің жеке өміріме қатысты құпия ақпаратқа қол жеткізгенін, соның ішінде некеде адал болмағаным туралы деректерді білгенін кейін білдім. Бұл байланыстар Эпштейнмен қарым-қатынасыммен байланысты емес, бірақ олар менің отбасыма ауыр тиді», – деді Гейтс Конгресте.

Айтуынша, ол Эпштейнмен 2011 жылы танысқан және ол Гейтс қорының денсаулық сақтау жобаларына миллиардтаған доллар тарта алатынын айтқан.

«Мен оның бұрын заңмен байланысты мәселелері болғанын білетінмін, бірақ оның жасаған қылмыстарының ауқымын толық түсінбедім. Мен жеткілікті тексеріс жүргізбей, оның ұсынысын қабылдадым», – деді миллиардер заң шығарушыларға.

Гейтс Эпштейнмен қарым-қатынасы 2014 жылдың желтоқсанында толық тоқтағанын айтты. Ол Эпштейнге қатысты барлық тергеу материалдарының жариялануын қолдап, оның қылмыстарынан зардап шеккендердің әділдікке қол жеткізетініне үміт білдірді.

Еске салсақ, америкалық қаржыгер және меценат Джеффри Эпштейн педофилия мен жасөспірім қыздарды жыныстық мақсатта пайдаланғаны үшін сотталған. 2008 жылы ол Флорида штатындағы істердің бірі бойынша кінәсін мойындаған. 2019 жылдың шілдесінде адам саудасы және сексуалдық қанау мақсатындағы әрекеттерге байланысты федералдық айыптармен қайта қамауға алынған. Бірнеше аптадан кейін Эпштейн Нью-Йорк түрмесінде өлі күйінде табылған. Ресми нұсқа бойынша, ол өзіне қол жұмсаған. Оның ісіне қатысты миллиондаған құжат жарияланып, онда Эпштейннің ықпалды адамдармен байланысы көрсетілген.

Yorumlar
Diğer Haberler