Тас жолдағы апаттан бір адам көз жұмды

356
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/r4RJ7UuuiNWvtSndbCICxq1QUjoIvV8Skydq04Mk.webp

Жамбыл облысының Қордай ауданында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық поралы.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 1 маусым күні сағат 15:00 шамасында республикалық маңызы бар тасжолда болған. Алдын ала деректер бойынша, Lexus автокөлігінің жүргізушісі жол қоршауына жанай соғылып, соққыдан кейін көлік айналып кетіп, жолдың жүріс бөлігінде тоқтап қалған. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтап тұрған Lexus көлігіне Tank 500 маркалы автокөлік соғылған. Полицияның хабарлауынша, Tank 500 жүргізушісі дер кезінде тежегішті басқанымен, соқтығыстың алдын ала алмаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Tank 500 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауда.

Yorumlar
Diğer Haberler