Мейрамхана, лимузин, сән-салтанат. Қымбат кеш өткізген түлектер жазаланады

188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DlVDKbcn6bK5RLnCm5rs23OXSCz4DXmwkwhXbxcA.webp

Қазақстанда мектептен тыс жерде ұйымдастырылатын бітіру кештеріне қатаң жаза қолданылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министр Жұлдыз Сүлейменова мектеп бітіру кештерін мейрамхана мен басқа да көңіл көтеру орындарында өткізуге қатысты бірлескен бұйрықта нақты талаптар көрсетілгенін айтты.

«Бұл бұйрықта айыппұл санкциялары қарастырылмаған. Бірақ балалардың құқығы, қауіпсіздігі немесе қоғамдық тәртіп бұзылса, заңнамада көзделген нормалар қолданылады. Әкімдіктер мен жергілікті полиция департаменттері тиісті шара қабылдай алады», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сонымен қатар ол ата-аналардың өз отбасымен бірге қоғамдық орында мерекелеуіне ешқандай шектеу жоқ екенін атап өтті.

Алайда министр сән-салтанатты кештер ұйымдастыруға қатысты шектеулер сақталуы қажет екенін ескертті.

«Егер лимузин жалдап, үлкен мейрамханаларда ауқымды кеш өткізілсе, онда бұйрықта көрсетілген талаптар қолданылады. Сондай-ақ үлкен көлемде ақша жинауға тыйым синислынған», – деді министр.

Yorumlar
Diğer Haberler