Министр бастамасымен. Құтқарушыларға арналған алғашқы демалыс орны салынып жатыр

423
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/itHIHYHcMNaDlCk7FTuwkPI7iQQoNEGFsGeYYUwX.webp

Ақтаудағы Каспий теңізі жағалауында «112 Resort Aktau» resort-кешенінің құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл төтенше жағдайлар қызметкерлеріне арналған алғашқы демалыс орталығы болмақ.

Жоба төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бастамасымен және қазақстандық құтқарушылардың жеке қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Жобаның алғашқы кезеңінде әкімшілік блок, капсулалық үйлер, бассейндер, спорт алаңдары мен серуендеу аймақтарын салу жоспарланған. Алдағы уақытта кешен аумағында қонақүй, SPA-орталық, теннис корты, пирс, воркаут алаңы, дәмхана және отбасылық демалыс орындары бой көтермек.

«Біз өз қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары үшін лайықты жағдай жасауымыз керек. Құтқарушылар тәулік бойы қызмет атқарып, күрделі жағдайда жұмыс істейді. Олардың толыққанды демалып, жақындарымен уақыт өткізуіне мүмкіндік болуы тиіс», – деді Шыңғыс Әрінов.

Yorumlar
Diğer Haberler