Депутаттың өлімінен кейін клиника мәлімдеме жасады

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F1lfAEb7qIs8EKx3JzqOfGpyTMqMmQskgAB78bP3.webp

Депутат Ербол Айтуов қайтыс болғаннан кейін «Қасиет» клиникасы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Клиниканың бас дәрігері Артур Тәжиев әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға түсініктеме беріп, айып тағылып отырған дәрігердің аталған операцияны жасамағанын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған әрі қарама-қайшы ақпараттарға байланысты мәлімдейміз: айып тағылып отырған дәрігер жарияланымдарда айтылған операцияны жүргізген жоқ», – деді ол.

Сонымен қатар клиника басшылығы медициналық мекеменің лицензиясы жоқ деген ақпаратты да жоққа шығарды.

Мәлімдемеге сәйкес, «Қасиет» клиникасы 2015 жылғы 31 шілдеде берілген №00650DE лицензиясы негізінде қызмет көрсетеді. Оның ішінде анестезиология және реаниматология қызметтеріне де рұқсаты бар екені айтылды. Бас дәрігер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

Еске салсақ, Ербол Айтуов 4 сәуір күні липосакция жасау үшін жеке клиникаға жүгінген. Операциядан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен. Марқұмның жұбайы Лаура Айтуоватың айтуынша, анестезиядан кейін Ербол Айтуовтың қан қысымы мен қан құрамындағы қант деңгейі күрт көтерілген. Кейін ол облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан бір айдан соң көз жұмған.

Yorumlar
Diğer Haberler