Иттерді құттықтауға бола ма? Оңтүстік Корея бас тартып жатыр

194
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MLZDkMpEBFUtQwibDiyUJIWOa2D5nC3nNi6B1tdZ.webp

Фото: report.az

Оңтүстік Кореяда 2027 жылдан бастап иттерді тағам мақсатында өсіруге, союға және сатуға толық тыйым салынады. Бұл туралы елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна"..

Министрліктің дерегіне сәйкес, ит етін өндірумен айналысқан фермалардың 82%-ы жұмысын тоқтатқан. 2024 жылдан бері 1535 шаруашылықтың 1265-і жабылған. Қалған кәсіпорындар 2026 жылдың соңына дейін қызметін толық тоқтатуы тиіс.

Ведомство өкілдері заң бұзушылықтар мен заңсыз ит өсіру фактілерін анықтау үшін тек жұмыс істеп тұрған фермаларды ғана емес, жабылған шаруашылықтарды да тексеру жалғасатынын мәлімдеді.

Ит етін өндіруге тыйым салу ел президенті Юн Сок Ёльдің сайлауалды уәделерінің бірі болған. Соңғы жылдары Оңтүстік Кореяда, әсіресе жастар арасында, ит етін тұтыну айтарлықтай азайған.

Yorumlar
Diğer Haberler