Қазақстандық дәрігерлер Италия азаматын аман алып қалды

99
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Vy9HtF3OozeLNydoH3M3Xi7qT5ezuEwwDYoQ6hM1.png

Алматыда дәрігерлер аортасы жарылған Италия азаматын аман алып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Италиядан келген турист Алматыға саяхат мақсатында келген. Алайда елге келгеннен кейін үшінші күні ер адамның жағдайы күрт нашарлап, ішінің қатты ауырғанына байланысты жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында дәрігерлер контрастпен компьютерлік томография жасап, науқастан аортаның инфрареналды бөлігіндегі аневризманың жарылуын анықтаған. Мамандардың айтуынша, мұндай диагноз адам өміріне тікелей қауіп төндіреді, себебі ол ауыр ішкі қан кетумен қатар жүреді.

Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасау туралы шешім қабылдап, операция шамамен төрт сағатқа созылған. Хирургтер ота барысында аневризманың жарылғанын растады және науқасқа жасанды қантамыр протезін орнатқан.

Қазіргі уақытта Италия азаматының жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Ол амбулаториялық ем қабылдауға дайындалуда.

Yorumlar
Diğer Haberler