Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет - Тоқаев

95
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/u46diChKXtHKgFIDfRzw78RatO8YShFPiaCz0Qqe.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру туралы ұсыныс тастады. Бұл туралы ол Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде айтты, деп хабарлайды "Адырна".

"Келесі маңызды мәселе. Технологиялық даму және гуманитарлық ықпалдастық дәуірінде түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жақында Түркі Академиясы ағылшын, орыс және түркі тілдерінде сегіз томдық терминологиялық сөздікті жарыққа шығарғанын еске салды.

"Бұл жұмыс терминдерді бір ізге келтіруге және ортақ ғылым кеңістігін нығайтуға ықпал етпек. Осы орайда Кеңеске мүше елдердің тиісті мекемелерінің өкілдері, ғылыми сарапшылары кіретін Мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынамын", - деді ол.

Yorumlar
Diğer Haberler