Экс-елшіге қатысты ірі визалық схема әшкереленді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kWDAmkCqdDBPC8FpsF6UOaNH4fa4Rgg0B8IAYrgc.jpg

Римде Италияның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Пьергабриэле Пападиа ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ArbatMedia-ға сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, ол Ресей азаматтарына ұзақ мерзімді Шенген визаларын заңсыз жолмен сату схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Визалардың құны 4–16 мың еуро аралығында болған.

Пападиа 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың желтоқсанына дейін Италияның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған. Айыптауларға сәйкес, ол визалық бөлім жұмысын бақылауына алып, оған Ресей мен Италия азаматтығы бар Татьяна Тараканованы тағайындаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, екеуі қосымша қаржы үшін ұзақ мерзімді Шенген визаларын рәсімдеудің жүйесін құрған. Бұл схемаға Мәскеуде бір мекенжайда тіркелген үш ресейлік туристік агенттік те тартылған болуы мүмкін.

Аталған агенттіктер арқылы кемінде 95 адам заңсыз берілген визалармен Италияға кіргені айтылады.

Yorumlar
Diğer Haberler