Бітімді бұзған бұзық кім? БАӘ Иранды айыптады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zYbMnrJA5NieEyrencWspFj0GTmuTiLYiP1q9Cht.png

Біріккен Араб Әмірліктері билігі Иран тарапынан ракеталар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған әуе шабуылдарының қайта жанданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Deutsche Welle-ге сілтеп.

Мәліметке сәйкес, Иран бір айға жуық уақытқа созылған бітімнен кейін алғаш рет соққы жасаған. БАӘ қорғаныс министрлігінің дерегінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері 12 баллистикалық, үш қанатты зымыран мен төрт дронды қоса алғанда, барлығы 19 нысанды жойған. Шабуыл салдарынан Эль-Фуджайра аймағындағы мұнай нысандарының бірінде өрт шықты. Үш Үндістан азаматы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қауіпсіздік шаралары аясында елдегі мектептер 5–8 мамыр аралығында онлайн форматқа көшірілді.

БАӘ сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті «қауіпті эскалация» деп бағалап, елдің жауап қайтаруға толық құқығы бар екенін мәлімдеді. Ал Иран тарапы мемлекеттік телеарна арқылы бұл шабуылдарға қатысы жоқ екенін және мұндай жоспар болмағанын хабарлады. 

Yorumlar
Diğer Haberler