Ресейді бақылау үшін. Швеция алғашқы әскери барлау спутнигін орбитаға шығарды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aNvQfi9pzTT9coSfPrPTrVC80Eo9Ul3eMs84FYgx.webp

Швеция өз тарихында алғаш рет әскери барлау спутнигін орбитаға шығарды. Бұл туралы SVT телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Спутниктің ұшырылуы АҚШ-тағы Ванденберг әуе базасынан жүзеге асқан. БАҚ мәліметінше, ол Ресей аумағындағы нысандарды қоса алғанда, бақылау жүргізуге арналған бірнеше аппараттан тұратын болашақ жүйенің бір бөлігі болады.

Аталған спутник әскери барлау және мониторинг мақсатында қолданылатын жоспарланған сериядағы алғашқы құрылғы екені айтылды.

Ұшыру оқиғасы аясында соңғы жылдары НАТО-ның Ресейдің батыс шекараларына жақын аймақтардағы белсенділігі артқаны байқалады. Альянс мұны тежеу қажеттілігімен түсіндіреді.

Ал Мәскеу бұған дейін өздерін қауіп ретінде қарастырмайтынын, бірақ қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін әрекеттерге жауап беретінін мәлімдеген.

Yorumlar
Diğer Haberler