Ресей президенті дрондарға қатысты заңға қол қойды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PDlFv29pcZHR63r8JDgiDfjgyje0N78sHXa3cZLc.jpg

Ресей президенті Владимир Путин кеден органдарына ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы әрекет ету өкілеттігін беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" Report-қа сілтеп.

Құжат ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланған.

Жаңа заңға сәйкес, енді кеден органдары өз нысандарына қауіп төнген немесе шабуыл жасалған жағдайда дрондардың жұмысын тоқтатуға құқылы. Атап айтқанда, оларды басу, зақымдау немесе жою шараларын қолдана алады.

Құжат тек әуе дрондарына ғана емес, сондай-ақ суасты, суүсті және басқа да автоматтандырылған ұшқышсыз құралдарға қатысты қолданылады. Заң ресми жарияланған күннен бастап 30 күннен кейін күшіне енеді.

Yorumlar
Diğer Haberler