"Сұңқар" ұшқаннан соң. Қазақстан ғарыш державалары қатарына қосылды – Роскосмос

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mqGseCwqkfM0d8OQ3QvgQNMbC1GFOBCrqGKhwZXa.webp

Қазақстан «Сұңқар» орта класты зымыран тасығышының сәтті ұшырылуынан кейін ғарыш державалары клубына енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Роскосмос басшысы Дмитрий Баканов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы аясында жүзеге асқан ірі халықаралық жетістік. Жоба Байқоңыр ғарыш айлағында іске асырылып, ұшырылым алдында кешен айтарлықтай жаңғыртудан өткен.

Айта кетейік, 30 сәуір күні Астана уақытымен 23:00-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Сұңқар» зымыранының алғашқы сынақ ұшырылымы өтті. Ұшудың бірінші және екінші сатылары штаттық режимде жұмыс істеп, зымыран макеті Тынық мұхитының алдын ала белгіленген қауіпсіз аймағына құлаған.

Сұңқар — орта класты зымыран. Оның биіктігі 58,8–65,2 метр, ал ұшу массасы 526–531 тонна аралығында. Зымыран отын ретінде нафтил, ал тотықтырғыш ретінде сұйық оттегін пайдаланады. Ол әртүрлі орбиталарға автоматты ғарыш аппараттарын шығаруға арналған.

Yorumlar
Diğer Haberler