Автоблогер қамауға алынды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/U3aUQ6bOUSpKr88vqB0pUQVGGhGUExVE2iwDC7I3.jpg

Шымкенттік автоблогер әрі заңгер Руслан Жанпейісов полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Otyrar.kz порталына сілтеп.

Сот шешіміне сәйкес, әкімшілік жаза 22 сәуірден бастап есептеледі. Блогер сол күні жұмыс орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.

Алғашында оған Қызылорда облысының полицейлері жүргізген рейдке кедергі келтірді деген айып тағылған. Алайда кейін сот бұл іс бойынша құқықбұзушылық құрамын таппай, істі тоқтатқан. Кейін басқа эпизодтар қаралып, онда Жанпейісов Қарағанды облысының полиция қызметкерлері жүргізген рейд кезінде олардың әрекетін видеоға түсіріп, жұмысқа кедергі келтірді деп танылды. Бұл жазбалар іс материалдарына дәлел ретінде тіркелген.

Шымкент қалалық полиция департаменті мәліметінше, блогер патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын елемей, бірнеше рет олардың қызметіне араласқан.

 

 

Yorumlar
Diğer Haberler