Алматыда ел ақынды соңғы сапарға шығарып салды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Moyxy9MPb3JoAatsoguOeKEiQv8QLkiXKz6WJSAH.jpg

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі 21 сәуір күні таңертең Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Азалы жиынға Алматы жұртшылығы жиналып, көрнекті қаламгерді соңғы сапарға шығарып салды.

Марқұмның денесі театр сахнасының төріне қойылып, үстіне жасыл кілем жабылған. Іс-шараны Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізді.

Сахнада ақынның:

«Біз шыққан тау – шындық тауы,

Барлық таудан биік тау!» - деген өлең жолдары жазылған.

Қоштасу рәсімінен кейін ақынның денесі Түркістан облысына жеткізіледі. Ол Арыстан баб кесенесінен шамамен 800 метр қашықтықта орналасқан қорымға жерленеді. Бұл туралы ақынның жақындары хабарлады.

Айнаш Есәлі әлеуметтік желідегі жазбасында:

«Соңғы пәтуа. Мұхтар Шаханов Арыстан бабтан 800 метрдей қашықтықта, жаяу баратындай жерде, күре жолдың бойындағы қорымға жерленеді. Алла бұйыртса, Арыстан бабтан қарағанда менмұндалап тұратын кесенесі тұрғызылады», – деп мәлімдеді.

Еске салайық, Мұхтар Шаханов 2026 жылдың 19 сәуірде 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті. 

Yorumlar
Diğer Haberler