Diğer Haberler
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз
Иран билігі Ормұз бұғазы аумағындағы режимді қайта күшейтіп, теңіз қозғалысына шектеулер енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Иран әскери құрылымдары стратегиялық маңызы жоғары бұл бағытта «қатаң бақылау» енгізілгенін мәлімдеді. Ормұз бұғазы арқылы әлемдік мұнай жеткізілімдерінің едәуір бөлігі өтеді.
Тегеранның мәлімдеуінше, АҚШ тарапынан келісімдер бұзылып, Иран порттарына бағытталған кемелерге қатысты шектеулер сақталған. Осыған байланысты бұған дейін енгізілген жеңілдіктер жойылып, бұғаздағы жағдай қайтадан бақылауға алынған.
АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні ғана Иранға Ормуз бұғазын қайта ашқаны үшін алғыс білдірген еді. Алайда АҚШ-тың бұғазды сырттан бұғаттауы сақталатынын айтқан.
