АҚШ Ресей мұнайын сатуға лицензияны уақытша қайта жандандырды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4DuNC9gLvRBFxjPPAyw905ekeAIZWQ7B4SOND6WD.jpg

АҚШ қаржы министрлігі Ресей мұнайын сатуға қатысты лицензияны уақытша қайта жандандырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы АҚШ қаржы министрлігі хабарлады.

Жаңа құжатқа сәйкес, Ресей Федерациясынан шығарылған шикі мұнай мен мұнай өнімдерін «сату, жеткізу және түсіру» операцияларына рұқсат берілген. Алайда бұл тек 2026 жылдың 17 сәуіріне дейін танкерлерге тиелген мұнайға қатысты болмақ. Лицензияның әрекет ету мерзімі 16 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ наурыз айында да шектеулерді уақытша жеңілдетіп, 12 наурызға дейін тиелген мұнайды сатуға рұқсат берген еді. Сонымен қатар, АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтонның Ресей және Иран мұнайын сатып алуға арналған лицензияларды ұзартуды жоспарламайтынын мәлімдеді.

Өз кезегінде, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ тарапынан мұндай шешім болуы мүмкін екенін Мәскеу алдын ала болжағанын айтты. Оның сөзінше, Ресей бірнеше жылдан бері санкциялар жағдайында жұмыс істеп келеді.

Ал Аббас Аракчи Иран Ливан мен Израиль арасындағы уақытша бітім кезеңінде Ормұз бұғазын толық ашқанын хабарлады. Бұл мәлімдемеден кейін әлемдік мұнай бағасы төмендеді. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі бір айдан астам уақыттан кейін алғаш рет 90 доллардан төмен түсіп, 87,8 доллар деңгейіне дейін арзандады.

 

Yorumlar
Diğer Haberler