Каспий жағалауында табылған өлі итбалықтар саны артты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4lvnVQhjvvsXz0ziE4SswTqmJ1z1prevIiAhc5mL.webp

Каспий теңізі жағалауынан табылған өлі итбалықтар саны 191-ге жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылғы 17 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Түпқараған ауданы аумағында 191 итбалықтың қатты ыдыраған (2–4 деңгей) өлексесі анықталған. Аталған дерек аудандық ішкі істер бөлімінде тіркелген.

Оқиға орнында Гидробиология және экология институты мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мүмкін болған өлекселерден сынамалар алған. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық экология департаменті су мен топырақтан үлгілер жинады.

Алайда өлекселердің қатты ыдырауына байланысты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті инфекциялық ауруларды анықтауға арналған патологиялық материалдардан сынама ала алмаған.

Қазір Каспий теңізі жағалауы тұрақты бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығы инспекциясы және өзге де ұйымдардың қызметкерлері өлекселерді жинап, санитарлық талаптарға сай жойған.

Мамандардың пікірінше, итбалықтардың қырылуына олардың иммунитетінің әлсіреуі және түрлі инфекциялық ауруларға бейімділігінің артуы себеп болуы мүмкін.

 

Yorumlar
Diğer Haberler