Шайхананы жырлаушы Фаррух сексеннің сеңгіріне шықты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/q4Jh3H1B1Ke7nPQhB3IWZIgO2YSCKLCSwyBIjW2E.jpg

Ташкентте Фаррух Закировтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

16 сәуір күні Өзбекстанның халық әртісі, әйгілі «Ялла» ансамблінің жетекшісі Фаррух Закиров 80 жасқа толды. Мерейтой қарсаңында өнер иесінің еңбегі жоғары бағаланып, оны Шавкат Мирзиёев арнайы құттықтады.

Мемлекет басшысының жарлығымен әнші әрі композитор «Буюк хизматлари учун» («Ұлы еңбегі үшін») орденімен марапатталды. Сонымен қатар, Ташкент қаласының Яшнабад ауданындағы №7 балалар музыка және өнер мектебіне Фаррух Закировтың есімі берілді.

1970 жылдары құрылған Ялла ансамблі жарты ғасырдан астам уақыт бойы тыңдарманын әсем әндерімен қуантты. Ұжым репертуарындағы «Шайхана», «Учкудук», «Ташкент», «Мой Узбекистан» секілді әндер тек Өзбекстанда ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістікте кеңінен танымал болды.

Yorumlar
Diğer Haberler