Ресей бас прокуроры Қазақстанға келді. Тараптар келісімдерге қол қоймақ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/I5lGFO8DJjzU27gDbPSN2dH28XsjEW1ypicUn3wt.jpg

Ресейдің бас прокуроры Александр Гуцан Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол еліміздің бас прокуроры Берік Асыловпен кездеспек, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сапардың мақсаты – екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге және дамытуға бағытталған құжаттарға қол қою», – деп жазды Ресей бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Коммерсант» басылымының хабарлауынша, құжаттар әскери прокурорлар арасындағы ынтымақтастықты да жаңа деңгейге шығаруды көздейді.

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Гуцанды Бас прокурор Берік Асылов пен Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Александр Комаров қарсы алды. Сапар басында Гуцан Отан қорғаушылар алаңындағы «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Еске салайық, Қазақстан мен Ресей бас прокурорларының кездесуі соңғы 2,5 жылда алғаш рет өтіп отыр. Бұған дейін  олар 2023 жылғы қыркүйекте Бакуде кездескен еді.

Yorumlar
Diğer Haberler