Трамп Сауд Арабиясының ханзадасын қорлады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hFeQWGrrmgkQ7jpMcftFXE4gXK42RmcA2U4ubVhD.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Hill басылымына сілтеме жасап.

Ол Майамиде өткен Future Investment Initiative форумында сөйлеген сөзінде ханзада бастапқыда өзін бағаламағанын, алайда кейін позициясын өзгертуге мәжбүр болғанын айтты.

Трамптың сөзінше, Сауд Арабиясы басшылығы АҚШ президентін әлсіз саясаткер деп ойлаған. Бірақ кейін онымен қарым-қатынаста жұмсақ болуға көшкен.

"Ол маған жағымпаздануға тура келеді деп ойлаған жоқ. Шынымен де ойлаған жоқ. Ол мені елді құлдырауға алып бара жатқан сәтсіз америкалық президенттердің бірі болады деп ойлады. Бірақ енді оған менімен жақсы қарым-қатынаста болуға тура келеді. Оған айтыңдар, осылай жалғастыра берсін», — деді Дональд Трамп.

Бұған дейін америкалық басылымдар Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері АҚШ-тың Иранға қарсы саясатын қолдап отырғанын жазған. Сондай-ақ кей деректерге сәйкес, Эр-Рияд Вашингтонды Иранға қарсы әскери әрекеттерді тоқтатпауға шақырған.

Айта кетейік, бұған дейін Трамптың Израиль президентіне тіл тигізгенін хабарлаған едік. 

Yorumlar
Diğer Haberler