Жүк көлігінің жүргізушісі нөмірін жасырғаны үшін жазаланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1zKExY6gqJ6EO2dW1DVGKinpOijvm95hFBUn95lZ.png

Астанада жүк көлігінің жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 наурыз күні оңтүстік айналма жолындағы Қызылсуат кентінен Ш. Мұртаза көшесіне қарай бағытта болған. Бақылау камералары Shacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі мемлекеттік нөмірін шүберекпен жауып қойғанын тіркеген.

Құқық бұзушы ұсталып, іс сотта қаралды. Сот шешімімен оған екі тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Жүк көлігі коммуналдық айып тұрағына қойылды.

 

Yorumlar
Diğer Haberler